Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті

Құрметті сайт қонақтары!

Біз Сіздермен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайтында қауышқанымызға қуаныштымыз!

Бұл сайттың негізгі мақсаты облыс көлемінде орын алған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен оқыс оқиғалар, сондай-ақ, апат орнында іздестіру - құтқару жұмыстарының барысы туралы жұртшылыққа ақпарат тарату. Бiздiң Департамент Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетiнiң аумақтық органы болып табылады және Азаматтық қорғаныс, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттiк саясатты, салааралық және аймақаралық үйлестiрудi iске асырады. Бiздiң басты мiндетiмiз Оңтүстік Қазақстан өңiрiнде тұрғындарды қазіргі заманғы зақымдану құралдарынан, террористiк актiлер мен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау, облыстың және жалпы мемлекеттiң экономикалық әлеуетiн сақтау болып табылады. Сондай-ақ, Сіздерге сайт бөлімдерінде өрт болған кезінде қауіпсіздік шаралары, суда шомылу ережелері, қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шаралары мен алғашқы медициналық көмек көрсетутің тәртібі жайында қажетті мәліметтер ұсынылған.

Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментiнiң ресми сайтындағы ақпарат Сiздерге өз пайдасын береді деген ойдамыз.

Сайтқа қош келіпсіздер!




Заңды тұлғаның мекен жайы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ Шымкент қ. Темірлан тасжолы 18.

Тел./факс: 8 (7252) 44-93-92

Электронды пошта мекен жайы: dchs_uko@emer.kz

Сенім телефоны: 8 (7252) 44-94-37

Қабылдау бөлімі: 8 (7252) 44-94-28

 

Төтенше
жағдайлар департаменті.
Оңтүстік Қазақстан облысы.
ОҚО ТЖД